Ашық AI және құлдыраған табыс: Meta білегін түріп отыр

Адамзатты машиналар емес, монополистер құртады. Марк Цукерберг жасанды интеллектінің басты қаупі неде екенін жариялады

Алаш баласы||2 мин оқу
Ашық AI және құлдыраған табыс: Meta білегін түріп отыр
Сурет: ЖИ

Meta компаниясы ашық салмақты (open-weight) модельдерге қайта назар аудара бастады. Техноалып қарапайым Mac немесе бір ғана бейнекартасы бар дербес компьютерде еркін жұмыс істей беретін Muse Glimmer моделін таныстырды. Таяу апталарда бұдан да қуатты Muse Spark 1.2 нұсқасын көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.

Дегенмен, мәселенің ең қызығы мүлдем басқада.

Meta басшысы Марк Цукерберг өзінің жаңа манифесінде аса қуатты жасанды интеллектінің басты қаупі — машиналардың адам бақылауынан шығып кетуінде емес екенін айтты. Оның пікірінше, ең үлкен қауіп — озық технологияның санаулы компаниялардың немесе бір ғана мемлекеттің қолында монополияға айналуы. Цукербергтің логикасына сүйенсек, алпауыт AI-зертханаларға ғана тәуелді болғанша, қуатты модельдерді барынша көп адамға ашық ету әлдеқайда қауіпсіз.

Мұндай философияның артында қыруар қаржы жатыр. Тек 2026 жылдың өзінде Meta жасанды интеллект инфрақұрылымына 145 миллиард доллар жұмсауы мүмкін. Қазірдің өзінде компания дата-орталықтар желісін кеңейтіп жатыр. Алайда АҚШ-та мұндай алып нысандардың құрылысына жергілікті тұрғындар үзілді-кесілді қарсылық білдіруде.

Сол себепті Meta 1 миллиард доллар көлемінде «Future Is for Everyone» (Болашақ баршаға ортақ) қорын құрып жатыр. Қаржы компания жаңа дата-орталықтар салып жатқан аймақтарға бағытталады: мектептер, қоғамдық қызметтер, энергетика, сумен қамту және басқа да жергілікті жобалар қаржыландырылмақ.

Осы тұста қызық парадокс туындайды: Цукерберг жасанды интеллектіні баршаға тегін таратқысы келеді, ал Meta сол технологияның жұмыс істеуі үшін міндетті саналатын инфрақұрылымға ондаған миллиард доллар төгіп жатыр.

Инвесторлар мұндай орасан зор шығынның қашан өзін ақтайтынына алаңдаулы. Себебі екінші тоқсанда Meta-ның еркін ақша айналымы бірден 91%-ға құлдырап, небәрі 784 миллион долларды құрады.

Шын мәнінде, Meta дербес жасанды интеллект жаңа ауқымды бизнеске айналады деп үлкен тәуекелге барып отыр. Енді компания осы тәуекел үшін тігілген 145 миллиард доллардың желге ұшпағанын дәлелдеуі тиіс.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Тегтер
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:25

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz