Apple Pay Үндістанның 1,4 миллиард халқы үшін төлем жүйесі іске қосады

2026 ЖЫЛЫ НЕ БОЛАДЫ? Apple-дің жаңа жоспары Үндістанды қалай өзгертеді?

Алаш баласы||2 мин оқу
Apple Pay Үндістанның 1,4 миллиард халқы үшін төлем жүйесі іске қосады
Сурет: ЖИ

Apple төрт жылға созылған үзілістен кейін Үндістан нарығындағы қатаң талаптарға көніп, несиелік және дебеттік карталар арқылы төлем қабылдауды қайта бастамақ деп жазды - appleinsider.com сайты.

Технологиялық алпауыттың аталған елде көптен күткен Apple Pay қызметін іске қосу жоспары осындай стратегиялық шегініс жасауға мәжбүрлеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусымында Үндістанның Орталық банкі онлайн төлемдерге қатысты жаңа ережелер бекіткен болатын. Заңнамаға сәйкес, жазылымдар сияқты мерзімді төлемдер үшін банктер тұтынушыны жиырма төрт сағат бұрын ескертіп, карта деректерін сақтаудың орнына арнайы шифрланған токендерді қолдануға міндеттелді. Сонымен қатар әр транзакция Aadhaar жергілікті биометриялық жүйесі арқылы расталуы тиіс еді. Мұндай күрделі өзгерістерге жүйесін бейімдегісі келмеген Apple сол уақытта картамен төлем қабылдаудан толықтай бас тартып, қолданушыларды жергілікті UPI жүйесіне ауысуға үндеген болатын.

Алайда нарықтың өз заңдылықтары бар. Қазіргі таңда корпорация шектеулі пайдаланушылар тобымен карталық төлемдерді қайта тестілеуден өткізіп жатыр, алдағы айларда жаңа мүмкіндік бүкіл Үндістан аумағында қолжетімді болмақ. Инсайдерлік мәліметтерге сүйенсек, төлем жүйесін қайтарудың астарында 2026 жылдың ортасына қарай Apple Pay-ді ресми түрде іске қосу мақсаты жатыр. Технологиялық алыптың Үндістан Орталық банкінің талаптарына мойынсынуының басты себебі – елдің орасан зор экономикалық әлеуеті. Бір миллиард төрт жүз миллионға жуық халқы бар мемлекетте 2024 жылғы мәлімет бойынша Apple смартфондарының нарықтағы үлесі небәрі алты пайызды ғана құраған. Осындай ауқымды өсім перспективасын жіберіп алмау және жаңа тұтынушыларды тарту мақсатында компания басшылығы жергілікті заңнамаға толықтай бағынуды ең ұтымды шешім деп тапты. Осылайша әлемдік нарықта көбіне өз шарттарын қойып үйренген Apple Үндістан билігінің талаптарына келісуге мәжбүр болды, алайда уақытша шегініс болашақтағы үлкен коммерциялық табыстың кепіліне айналуы әбден мүмкін.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:22

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz