Apple мен OpenAI арасында үлкен сот дауы басталды

Миллиардтаған долларлық жоспардың күлі көкке ұшуы мүмкін! Apple-дің жаңа гаджеттерінің құпиясын біліп алған OpenAI енді не істейді? Технология әлемін дүр сілкіндірген даудың толық мән-жайы.

Алаш баласы||2 мин оқу
Apple мен OpenAI арасында үлкен сот дауы басталды
Сурет: ЖИ

Жасанды интеллект нарығында үлкен дау басталды. Apple корпорациясы ChatGPT чат-ботын жасап шығарған OpenAI компаниясын және оның қызметкерлерін коммерциялық құпияны ұрлады деп айыптап, сотқа берді.

Жұма, 10 шілде күні Калифорнияның солтүстік округіндегі федералды сотқа түскен шағымда OpenAI-дың Apple-дің бұрынғы мамандарын жұмысқа тарту арқылы жабық деректерге қол жеткізгені айтылады. Талапкердің мәліметінше, жауапкерлер жаңа өнімдер мен жобаларға қатысты құпия материалдарды жүйелі түрде иемденіп келген. Сот құжатында қатардағы техникалық мамандардан бастап, аппараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысына дейін осы іске қатысы бар екені, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған технологиялар мен өндірістік процестер туралы ақпараттың қолды болғанына нақты дәлелдер ұсынылған.

Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры. Бұл дауда басты назар OpenAI-дың аппараттық бөлімшесі саналатын io Products компаниясына ауып отыр. Оның негізін Apple-дің бұрынғы бас дизайнері Джони Айв қалаған. Сонымен қатар, іс материалдарында Тан Ю Тань және Чан Лю есімді тағы екі бұрынғы қызметкердің аты аталады. Жалпы алғанда, қазіргі таңда OpenAI қатарында Apple-ден кеткен 400-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Алайда, OpenAI бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Компания өкілі Дрю Пусатери ВВС-ге берген сұхбатында басқалардың коммерциялық құпиясы оларды мүлдем қызықтырмайтынын, басты мақсаттары – әлемдегі барша адамның мүмкіндігін арттыратын инновациялық технологиялар жасау екенін мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл сот процесі OpenAI-дың акцияларын биржаға шығару (IPO) жоспарына айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін. Қазір жасанды интеллектіні дамытуға күш салып жатқан компания болашақта Apple-дің басты табыс көзі саналатын тұрмыстық электроника нарығына да шығуды көздеп отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:25

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz