АҚШ саясаткерлері жасанды интеллекттің «миын жууға» көшті

«Ақшасы көптің – ақпараты өтеді»: Саясаткерлердің ChatGPT мен Gemini-ді өз дегеніне көндіруі неге бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр?

Алаш баласы||2 мин оқу
АҚШ саясаткерлері жасанды интеллекттің «миын жууға» көшті
Сурет: ЖИ

АҚШ-та саяси күрес жаңа майданға ауысты. Бұрын үміткерлер тек теледидар мен әлеуметтік желілердегі рейтинг үшін таласса, енді жасанды интеллекттің «санасын» өздеріне бұрып алуға көшкен. The New York Times басылымының жазуынша, саясаткерлер ChatGPT мен Gemini сияқты чат-боттардың өздері туралы беретін жауаптарын бақылауда ұстап, өздеріне жағымды етіп өзгертудің жаңа амалдарын тапты.

Бұл сұраныс саяси технологиялар нарығында жаңа бағыттың пайда болуына түрткі болды. Ол — AEO (Answer Engine Optimization), яғни «Жауап алгоритмдерін оңтайландыру».

Нейрожеліні қалай «қолға үйретеді»?

Саясаткерлердің нейрожелімен қалай «жұмыс істейтінін» Миссури штатынан праймеризге қатысқан Дастин Ллойдтың оқиғасынан анық көруге болады.

Бастапқыда ChatGPT мен Gemini бұл кандидат туралы тек жұтаң, құрғақ деректерді беретін. Ллойд жағдайды өзгерту үшін өзінің ресми сайтында «Сұрақ-жауап» бөлімін ашып, онда өзінің саяси бағдарламасы мен мақсаттарын егжей-тегжейлі жазып шығады. Арада аз уақыт өткенде алгоритмдер осы деректерді сіңіріп алып, пайдаланушыларға Ллойд туралы нақты, ашық әрі жағымды сипаттама бере бастаған. Саясаткер қазір бұл әдісті күнделікті саяси құрал ретінде пайдаланып жүргенін жасырмайды.

AEO мамандары әдетте үміткердің сайтындағы мәтіндерді оңтайландырып, «Википедиядағы» мақалаларды өңдеумен айналысады. Олардың айтуынша, қаржылық мүмкіндігі мол саясаткерлер интернет кеңістігін өздеріне керекті ақпаратпен толтырып тастай алады. Ондай жағдайда нейрожелі қайталанатын деректерді «ақиқат» ретінде қабылдап, сайлаушыларға тек бір тарапқа тиімді жауапты ұсынады.

Дегенмен, мұндай технологиялардың екінші жағы да бар. Жасанды интеллект кез келген ақпаратты талғаусыз сіңіретіндіктен, кейде саясаткерлер туралы сұмдық өтіріктерді де ақиқаттай қылып айтып береді.

Британдық Demos аналитикалық орталығының жүргізген зерттеуі сұмдық жайттарды анықтады:

  • Түрлі чат-боттар саясаткерлердің мойнына жоқ қаржылық жанжалдарды ілген;

  • Кейбір үміткерлерді «тамыр-таныстық пен сыбайлас жемқорлыққа салынған» деп айыптаған;

  • Енді біреулерінің сайлаудағы басты ұстанымдарын мүлдем теріс түсіндірген.

Боттардың мұндай «мінезіне» қарамастан, сайлаушылардың нейрожеліге деген сенімі артып келеді. Caucus AI деректеріне сүйенсек, АҚШ-та 16 миллионнан астам сайлаушы кандидатуралар туралы мәліметті дәл осы жасанды интеллектен алған.

Сарапшылардың пікірінше, егер саясаткерлер алгоритмдерді өз дегеніне көндіруді әдетке айналдырса, бұл жүйені алаяқтар мен саяси манипуляторлар да еркін пайдалана бастайды.

«Жалған ақпарат тарататын тараптар жаңа технологияны әрдайым бірінші болып меңгереді. Олар қолында бар барлық мүмкіндікті қоғамдық пікірді бұрмалауға жұмсайтыны сөзсіз», — дейді Dewey Square Group консалтингтік компаниясының сарапшысы Тим Чемберс.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 24 тамыз 2026, 04:17

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz