AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

Жасанды интеллекттен ислам қаржысына дейін: Халықаралық инвесторлар мен алпауыт компаниялар Қазақстанда қандай жобаларды қолға алмақ?

Алаш баласы||5 мин оқу
AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың болашағын талқылайтын мінбер ғана емес, мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, қаржы ұйымдары, университеттер мен халықаралық серіктестер арасындағы нақты келісімдер алаңына айналды.

Форум аясында жасанды интеллект, цифрлық активтер, инфрақұрылым, білім беру, ғылыми зерттеулер, венчурлық қаржыландыру және стартаптарды қолдау бағыттарында бірқатар меморандум мен келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар бірлескен жобаларды іске қосуды, инвестиция тартуды, технологиялармен және тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Мұндай келісімдер жасанды интеллектіні жай ғана талқылаудан нақты технологиялық және инвестициялық жобаларды іске асыруға көшкенімізді айқын көрсетеді. Ендігі кезекте есептеу инфрақұрылымын салу, AI-мамандарды даярлау, цифрлық қаржы мен Web3 саласын дамыту және технологиялық бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу жұмыстары жүрмек. Осылайша, AI & Digital Bridge 2026 алаңында бекітілген құжаттар Қазақстанның технологиялық экожүйесінің бірнеше маңызды тармағын — инфрақұрылым, инвестиция, білім беру, цифрлық қаржы және халықаралық ынтымақтастықты толық қамтып отыр.

Цифрлық активтер мен блокчейн: ҚР Министрлігі мен MultiBank Group ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен MEX Group Worldwide Limited (MultiBank Group, БАӘ) цифрлық активтер және үлестірілген тізілімдер технологиясы саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатты ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов пен MultiBank Group-тың бас коммерциялық директоры Марк Аспиналл бекітті.

Тараптар цифрлық активтерді реттеуде мемлекеттік органдарға сараптамалық қолдау көрсетуге, өңірлік крипто-хаб құру үшін АХҚО-мен бірлесе жұмыс істеуге және мемлекеттік қызметтерге блокчейн енгізуге келісті. Сонымен қатар, азаматтардың қаржылық және технологиялық сауатын арттыруға бағытталған білім беру жобалары іске асырылады. Бас кеңсесі Дубайда орналасқан, 100-ден астам елде 2 миллионнан аса тұтынушыға қызмет көрсететін MultiBank Group Қазақстанға 30-40 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып, өңірлік кеңсе ашуды және жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр.

«Қазпошта» жаңа цифрлық және қаржылық қызметтерді іске қосады «Қазпошта» АҚ цифрлық активтер мен сабақтас технологияларды дамыту мақсатында Abhibha Technologies Pte. Ltd. компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Енді цифрлық активтерге қол жеткізу шешімдерін «Қазпоштаның» мобильді қосымшасына біріктіру жолдары қарастырылмақ. Бұл халықтың мұндай сервистерге қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар, Еуразиялық даму банкі мен «Қазпошта» АҚ бөлшек сауда клиенттеріне исламдық қаржыландыру қағидаттары негізінде цифрлық тұтынушылық несие берудің пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін техникалық көмек көрсету меморандумын бекітті.

Университеттер консорциумы және «AI+X» кадр даярлау моделі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бірігіп, «AI+X» моделі бойынша кадр даярлайтын университеттер консорциумын құрды. Бұл бастама жасанды интеллект құралдарын түрлі кәсіби және салалық бағыттарда еркін қолдана алатын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.

Нархоз және Astana IT университеттерінің жаңа білім беру бастамалары Нархоз университеті мен «CYBERPACK» ЖШС білім және технология саласындағы ғылыми-техникалық байланысты дамыту, жастардың зерттеу жобаларын қолдау және дарынды студенттерді анықтау мақсатында ынтымақтастық меморандумын жасасты. Ал Astana IT University мен «SOLANA SUPERTEAM KZ» корпоративтік қоры студенттердің блокчейн, Web3 және Solana экожүйесі бойынша практикалық дағдыларын дамытып, бірлескен хакатондар мен білім беру бағдарламаларын өткізуге келісті.

Жаңа дата-орталық және қазақ тіліндегі ЖИ жобалары «Қазақтелеком» АҚ, «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС және FireBird AI KZ LTD жаңа заманауи дата-орталық құрылысын бастау туралы келісімге қол қойды. Бұл инфрақұрылымдық жоба есептеу қуатын арттырып, Қазақстанда жасанды интеллект технологиялары мен бұлтты сервистерді жылдам енгізуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және FireBird AI KZ LTD жасанды интеллект саласында қазақ тілін дамыту және ілгерілету бойынша бірлескен технологиялық бастамаларды жүзеге асырмақ.

Alatau City Authority қаржы және технология алыптарымен бірікті Алатау қаласын басқаруды қамтамасыз ететін арнайы ұйым — Alatau City Authority бірден бірнеше ірі ойыншымен: «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» ЖШС, Bybit Limited / Bybit Kazakhstan, Binance Kazakhstan және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ынтымақтастық меморандумдарын жасасты. Бұл қадамдар Еуразияның жаңа экономикалық және инвестициялық орталығы ретінде дамып келе жатқан Alatau City-де цифрлық финтех пен инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Халықаралық технологиялық және инвестициялық ынтымақтастық

  • Электрондық үкімет: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Грузияның Цифрлық үкімет агенттігі электронды үкімет және цифрлық трансформация саласында тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.

  • Инновациялық экожүйе: «QazInnovations» ұлттық агенттігі мен Башкортостанның Ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығы цифрландыру, технологиялық кәсіпкерлік және технологияларды коммерцияландыру бойынша серіктестік орнатты.

  • Венчурлық инвестиция: Өзбекстандық DOMiNO Ventures компаниясы мен Paidax брокері инвестициялық және технологиялық бағыттағы ынтымақтастық меморандумын бекітті.

  • Цифрлық денсаулық сақтау: Medhub Health AI Quality (HAQ) ұйымы «NeuroGuard AI» ЖШС-мен және сарапшы Махмуд Адилмен клиникалық зерттеу орталықтарын құру, медициналық деректер алмасуды реттеу және цифрлық денсаулық сақтау саясатын дамыту бойынша келісімдер жасасты.

Астанада 1–3 қазан аралығында өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 форумы — Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған AI MONTH айлығының басты оқиғасы. Форумды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Іс-шара демеушілер мен серіктестердің қолдауымен өтуде. Алтын серіктестер қатарында: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес: Halyk Bank. Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан. Қола серіктес: Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations. Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ. Ресми әуе компаниясы: Air Astana. Жалпы алғанда, бұл ауқымды жиын глобалды AI-күн тәртібін талқылап қана қоймай, мемлекет, бизнес, университеттер мен халықаралық инвесторлардың басын қосатын нақты серіктестік алаңына айналды.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 19:02

Ұқсас мақалалар

Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub пен MOST Holding халықаралық Central Eurasian Capital Bridge бағдарламасын бірлесе жүзеге асыру және дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

|Технология
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті.

|Технология
Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды

Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды

Сертификатты табыстау рәсімі AI-экономиканы дамытуға қажетті инфрақұрылым, инвестициялар, адами капитал және халықаралық әріптестік мәселелеріне арналған The New Economy: Powered by AI панельдік сессиясында өтті.

|Технология
Таразда Sergek жүйесі жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді анықтай бастады 

Таразда Sergek жүйесі жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді анықтай бастады 

Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы бірқатар жол учаскелерінде орнатылған Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде анықтай бастады.

|Технология
NVIDIA-ның алғашқы кеңесшісі миллиард долларлық акциясын неге даулай алмады?

NVIDIA-ның алғашқы кеңесшісі миллиард долларлық акциясын неге даулай алмады?

NVIDIA-ның бұрынғы кеңесшісі шатырындағы ескі құжаттардың арасында 1 миллиард долларлық акциясы жатқанын кездейсоқ біліп қояды. Тапқанынан жоғалтқаны көп бұл оқиға технология алыптарының ішкі құпияларын ашады. 4,5 миллион акцияны сот арқылы неге қайтарып ала алмады?

|Технология
Ескі шинадан бензин: миллиондаған теңге табатын бизнес пе, әлде әдемі алдау ма?

Ескі шинадан бензин: миллиондаған теңге табатын бизнес пе, әлде әдемі алдау ма?

Әлеуметтік желіде бір ролик жүр: тозған покрышканы темір құбырға тығып қыздырасыз да, шүмектен бензин ағады. Астында — «зауыт салсаң, ақшаны күреп аласың» деген уәде. Мұндай видеоның астында әрдайым бір сұрақ тұрады: рас па?

|Технология
LiveInternetZERO.kz