Әлемдік алпауыттар қазақстандық жасанды интеллектке неге құмар?

«Ол сұрағанымыздан да көп ақша бермек болды»: Қазақстандық AI-стартапқа әлемдік алпауыттар таласып жатыр

Алаш баласы||2 мин оқу
Әлемдік алпауыттар қазақстандық жасанды интеллектке неге құмар?

Қазақстаннан бастау алып, бүгінде Кремний алқабында табысты жұмыс істеп жатқан Nace.AI жасанды интеллект стартабы тағы бір ірі жетістікке жетті. Отандық технологиялық компанияның инвесторлар қатарына әлемге әйгілі Yahoo! компаниясының негізін қалаушы, Alibaba директорлар кеңесінің мүшесі әрі Кремний алқабындағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі Джерри Янг қосылды. Бұл – жас компания үшін ғана емес, жалпы Қазақстанда жасалған IT-шешімдердің жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті екенін көрсететін тарихи қадам.

«Ол сұрағанымыздан да көп ақша бермек болды»

Стартаптың негізін қалаушы әрі бас директоры Дос Бақытжан атақты инвестормен өткен кездесудің жай-жапсарын айтты. Айтуынша, Джерри Янг компанияға инвестиция салу туралы шешімді алғашқы кездесудің өзінде-ақ қабылдаған.

«Кездесуіміз шамамен екі сағатқа созылды. Оның бір сағатында компаниямыздың стратегиясын, технологиялық бағытымызды және неліктен дәл осы тәсілді таңдағанымызды таныстырдым. Джерри техникалық білімі өте жоғары адам екен. Ол өніміміз, нарық, бәсекелестер мен технологиямыздың қалай жұмыс істейтіні жөнінде терең сұрақтар қойды. Әсіресе біздің әмбебап ірі модельдердің орнына шағын, салалық AI-модельдерге басымдық беретінімізге ерекше қызығушылық танытты», - дейді Дос Бақытжан.

Кездесу қорытындысы бойынша Джерри Янг Nace.AI жобасына бірден қаржы құюға дайын екенін білдірген. Тіпті, жоспарланған сомадан әлдеқайда көп қаражат ұсынған көрінеді.

«Шын мәнінде, алғашқы кездесудің өзінде-ақ нақты инвестициялық міндеттеме берілді. Алайда біз компанияның осы кезеңдегі қажеттігіне сай көлемді ғана алдық. Себебі басқа инвесторларға да орын қалдырып, үлестердің шамадан тыс болуына жол бергіміз келмеді», - деп түсіндірді стартап басшысы.

Nace.AI неліктен инвесторлар үшін тартымды?

Джерри Янгке компанияның жеке AI-модельдерін дамыту тәсілі мен таза B2B (корпоративтік сектор) бағытына негізделген стратегиясы ерекше ұнаған.

Nace.AI ұйымдарға бизнес-процестері мен деректерін нақты уақыт режимінде талдауға мүмкіндік беретін құралдар жасайды. Компанияның шешімдері аудитті, қаржылық талдауды және ірі корпоративтік деректер қорымен жұмысты толықтай автоматтандыруға пайдалы. Мұның арқасында компаниялардағы қолмен атқарылатын жұмыс көлемі күрт азайып, стратегиялық шешім қабылдау үдерісі еселеп жеделдейді.

Қазіргі таңда Астана мен Кремний алқабында орналасқан стартап кеңселерінде 30-ға жуық білікті маман еңбек етуде және команда үздіксіз кеңейіп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Nace.AI халықаралық инвесторлардан 21,5 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартқаны, ал бұл ірі мәміленің небәрі 36 сағаттың ішінде аяқталғаны хабарланған болатын. Бүгінде қазақстандық стартаптың клиенттері қатарында әлемнің ірі трансұлттық компаниялары, соның ішінде қаржы саласындағы халықаралық «Үлкен төрттік» (Big Four) өкілдері де бар. Отандық өнімнің осындай алып инвесторлардың назарын аударуы – жобаның дұрыс бағытта келе жатқанының айқын дәлелі.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:16

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz