37 жылдық тарихы бар неміс компаниясы банкротқа ұшырады

Алты апталық тоқыраудың ақыры: Хакерлер бір ғана шабуылмен 37 жылдық бизнесті қалай құртып жіберді?

Алаш баласы||2 мин оқу
37 жылдық тарихы бар неміс компаниясы банкротқа ұшырады
Сурет: habr.com

Баварияда орналасқан кәсіпорын автомобиль жасау, арнайы киім және техникалық маталар өндірісі саласындағы тұтынушыларға тоқыма өнімдерін өңдеу қызметтерін көрсетеді.

Клиент пен жеткізушілерге жолдаған хабарламасында ұйым банкроттық жарияламас бұрын барлық мүмкін амалдарды қарастырып, тығырықтан шығуға тырысқанын жеткізді. Компанияның басқарушы директоры Йоханнес Ценглайн бұл қадамды «кәсіпорынның 37 жылдық тарихындағы ең ауыр шешім» деп атады.

«Алайда, 2026 жылдың 29 наурызында болған кибершабуыл компаниямызға орасан зор нұқсан келтірді. Қанша тырыссақ та, оның орнын толтыра алмадық. Шабуылдың салдарынан өндіріс алты аптаға жуық уақытқа тоқтап, ауыр қаржылық қиындықтар туындады. Ақырында бұл жағдай қаржылық жағдайымызды әбден тұралатып, банкроттық туралы арыз жазудан басқа амалымыз қалмады», – деп жазды Ценглайн.

ZEGO компаниясы шабуылдың егжей-тегжейін жария етпеді: бопсалаушы вирус (шифрлағыш) қолданылғаны, қылмыстың артында кім тұрғаны және клиенттер мен қызметкерлердің деректері ұрланған-ұрланбағаны белгісіз. Дегенмен, компания бір нәрсені ашық айтты: бизнестің құрдымға кетуі үшін тек жұмыс процесінің бірнеше аптаға бұзылуы жеткілікті болды. ZEGO банкроттық рәсімі басталғанын, бірақ бұл кәсіпорын біржола жабылады деген сөз емес екенін атап өтті. Сырттан тағайындалған басқарушылар бизнесті қайта құрылымдап, жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысқанша, өндіріс тоқтамайды.

Бірінші рет емес...

Бұған дейін 158 жылдық тарихы бар британиялық «Knights of Old» көлік компаниясы да бопсалаушы бағдарлама шабуылынан кейін өз жұмысын тоқтатқан болатын. Қылмыскерлер қызметкердің құпия сөзі арқылы желіге кіріп, жүйені бұғаттап тастағандықтан, 700-ден астам адам жұмыссыз қалды. Олардың талап еткен ақшасын төлегеннің өзінде жағдай оңалмаған.

Өткен жылы телефон жөндейтін тағы бір неміс фирмасы кибершабуыл зардабынан жабылып қалғанын мәлімдеді. Жүйені қалпына келтіру мен тұтынушылардың сенімін қайтару өте көп қаражатты талап еткендіктен, кәсіпорын шығынды көтере алмаған.

Ал 2025 жылы Солтүстік Америкадағы ең ірі азық-түлік дистрибьюторы «United Natural Foods» хакерлердің шабуылына ұшырап, өнім жеткізу және клиенттерге қызмет көрсету процестері бұзылған еді. Сол кезде компания бұл оқиға жыл қорытындысы бойынша қаржылық көрсеткіштерге айтарлықтай кері әсер ететінін мәлімдеген болатын.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:32

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz