ТабиғатҒалымдар: Африка құрлығы ойлағанымыздан да тезірек бөлініп жатыр
Шығыс Африкадағы Туркана жазығының астында жер қыртысының бұрын болжанғаннан әлдеқайда жұқарып кеткені анықталды. Бұл – құрлықтың біртіндеп ажырау үдерісі әлдеқайда ілгері кезеңге өткенін көрсетеді. Болашақта бұл аймақта жаңа мұхиттың пайда болуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар дәл осы геологиялық үдерістер адамның ежелгі қалдықтарының неге дәл осы өңірде жақсы сақталғанын да түсіндіреді. Зерттеу нәтижелері Nature Communications ғылыми журналында жарияланған.
Редакция · 2026 ж. 25 сәу.
