
Қазақстандық ғалым Майкл Фуллан сыйлығын иеленді
Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты Әсел Шәрімова жас ғалымдарға арналған беделді халықаралық Майкл Фуллан атындағы Кәсіби капитал және қауымдастық (Michael Fullan Emerging Scholar in Professional Capital and Community Award) сыйлығының лауреаты атанды. Ол – осындай марапатқа ие болған бірінші қазақстандық қана емес, бүкіл посткеңестік өңірден алғашқы ғалым. 2026 жылы бұл сыйлық әлем бойынша тек екі зерттеушіге берілді.
|Жұмыс